Атырауда құрылысшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев сала үздіктерін марапаттады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

—Құрметті сала қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді шын жүректен құрылысшылардың кәсіби мерекесімен құттықтаймын!
Кез келген елдің, өңірдің даму деңгейін көрсететін құрылыс саласының экономикадағы рөлі салмақты. Бүгінде қазақстандық құрылыс заманауи технологияларға негізделген іргелі индустрияға айналды. Облыста құрылыс компанияларының саны артып, бәсекеге қабілетті орта қалыптасты. Оған сіздердің үлестеріңіз мол. Ендеше, сала қызметкерлерін бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, еселі еңбек, жарқын жобалар, мол табыс, қажымас қайрат тілеймін, - деді  Қ. Нұртаев алғы сөзінде

Мерекелік іс-шарада ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің “Құрметті құрылысшы” төсбелгісімен   “ЭрЛи” ЖШС-нің эксперті Сілемғали Смағұлов, ”КАСТРОИ ЛТД” ЖШС-нің жетекші инженері Алия Мусина, “Павлодар Өзен Порты” АҚ учаскенің шебері Бауыржан Нұрғалиев  және «TSGConstruction» ЖШС-нің участке бастығы Бауыржан Жұмағалиев марапатталды. 

Сондай-ақ құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Күлмайраш Санаева “Құрметті сәулетші” төсбелгісімен наградтталды. 

Бұдан бөлек, бірқатар сала маманына ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен ҚР Көлік министрлігінің “Алғыс хаты” , “Құрмет грамотасы” және облыс әкімінің “Алғыс хаты” табыс етілді.