Атырауда Құрылысшылар күніне орай кіші аяқ доптан турнир өтуде

Атырау қаласында Құрылысшылар күні мен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының ұйымдастыруымен кіші аяқ доптан біркүндік турнир өтуде. Оған 90 адам қатысуда, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

 ⁃ Жарысқа Атырау облысы, қала және жеті аудан әкімдіктерінен келген 9 команда қатысып жатыр. Турнир қызметкерлердің спортқа қызығушылығын арттырып, өңірлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Кәсіби мерекені атап өту концерттік бағдарламамен және сала үздіктері мен ардагерлерін марапаттау кешімен жалғасады, - деді облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бисен. 

Турнирға қатысушы Мақат ауданы әкімі аппаратының басшысы Бекбол Әбуовтың айтуынша, бұл турнир жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. 

— Жарыс қызметкерлердің спортқа құлшынысын арттырып, тәжірибе алмасуға да септігін тигізеді. Біз командамызбен Мақат ауданы әкімдігінен келіп тұрмыз, – деді ол.

Турнир қорытындысында жеңімпаз командалар медаль және алғыс хаттармен марапатталады.