Кемінде 40 жыл бұрын қолданысқа берілген кәріздік стансалар жаңартылып, олардың әрқайсына 18,5 киловаттық су асты сорғысы қондырылады. Бұл туралы облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Айдулат Кенжебеков мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазір, облыс орталығындағы Оңдасынов №10а, Азаттық №67а, Сәтпаев №43а, Сәтпаев №46а, Қ.Ахмедияров 28 және Вокзал маңы мен Нұрсая, Лесхоз ықшамаудандарында орналасқан кәріздік су сорғы стансаларын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр
-Реконструкциялау жұмыстары маусым айында басталды. Бүгінде Владимирский көшесінде орналсқан стансада демонтаж және монтаж жұмыстары аяқталды. Енді оған заманауи үлгідегі 18, 5 киловаттық 2 су асты сорғысы қондырылады.Сондай-ақ, шахта іші пластикалық материалмен қапталады. Барлық құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады, - деді А.Кенжебеков
Анықтама үшін: 9 стансаға 50 мыңға жуық пәтердің су сорғысы тартылған. Олардың ішінде әлеуметтік және кәсіптік нысандар да бар. Реконструкциялау жұмыстары аяқталғаннан кейін стансалардың қуаттылығы 10 000-ға артады деп күтілуде.