Атырауда құрбан еті кімдерге таратылды?

Қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Атырау облысында барлығы 238 мұқтаж отбасына ет таратылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Құрбан айттың алғашқы күні Атырау облысында барлығы 158 қой, ⁠10 ірі-қара сойылды. Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, құрбан малының еті негізінен мешіттің жастары, жамағаттар, автоволонтерлар арқылы мұқтаждардың үйлеріне жеткізіп берілді.

"Сондай ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың басын біріктіріп отырған қоғамдық ұйымдарға да құрбан малының етін жеткізіп бердік. Айт кезінде көп балалы, жетім, жесір, науқас бала тәрбиелеп отырған отбасыларға басымдық беріліп отыр" деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Құрбандық шалу рәсімі 17, 18 маусым күндері де жалғасады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ