Атырауда тоғыз үйдің жеделсатысы жаңартылмақ

Модернизациялау жұмыстары «Нұрлы жер – 2025» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Бұл туралы қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Эльдар Қариполлаев мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникаиялар қызметі.

Қазір қаладағы көпқабатты 27 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде Молдағалиева №5, 7, №31, Сәтпаев №2в (1), (2), №48д, №48 в, Құрманғазы №1 А, блок №6, Құрманғазы №3 блок №8 мекен-жайындағы тұрғын үйлердің жедел сатысы жаңартылады.

Сонымен қатар, 18 үйдің шатыры ауыстырылып, жертөледегі инженерлік желілер мен кіреберістері толық жөнделеді.

Э.Қариполлевтың айтуынша, жұмыстың сапасын бақылау техникалық қадағалаушы мамандарымен және тұрғындардың қатысуымен қадағаланады. Бағдарлама талабы бойынша жұмыстар аяқталған соң, үй тұрғындарға қабылдау актісімен тапсырылып, екі жыл кепіл мерзімі беріледі.

- Қалада 1 233 көпқабатты тұрғын үй бар, оның ішіндегі 897 үйді күтіп ұстау жұмыстарына тұрғын үй кооперативтері жауапты. Қалғаны тікелей тұрғындардың міндетінде. Әйтсе де аталған бағдарлама аясында тұрғындардың өтінішімен қайтарымды қаражат есебінен тозығы жеткен тұрғын үйлер жөнделеді. Ол үшін үй иелерінің 70% жазбаша келісімі, үйдің төлқұжаты, мемлекеттік жер пайдалану актісі, кондоминиум нысанын тіркеу құжаттары қажет, - деді Э.Қариполлаев.

Айта кетейік, келер жылы қаладағы 60-қа жуық көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаты жасақталуда.