Атырауда көпбалалы аналарға "Алтын алқа" және "Күміс алқа" табысталды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы №439 Жарлығымен Атырау қаласы бойынша 68 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградталды.
 
Мемлекеттік наградаларды қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов табыстады.
 
- Нәзіктік пен қайсарлықты бір бойына жинаған аналарымызға ұрпақ тәрбиелеу жолындағы өнегелі істері үшін алғыс білдіремін. Бұл отбасылардағы ұл-қыздардың еліміздің нағыз патриоты боларына сенімім мол. Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен аяулы аналарымыз аман болсын!,- деді Н.Ермұханов.
 
Жиында «Күміс алқа» иегерлері алдағы уақытта «Алтын алқаға» да қол жеткізетіндерін айтып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.