Атырауда қолайсыз ауа райына байланысты электр жарығы өшті

Атырау қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты электр жарығының уақытша өшуі тіркелген еді. Қатты жауын-шашын салдарынан электр желілерінде ақаулар пайда болып, бірқатар шағынаудандар жарықсыз қалды.

Ақауларды жою үшін “Атырау Жарық” ЖШС тарапынан 8 бригада жедел түрде жұмысқа кірісті. Қазір қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, кейбір аумақтарда электр жарығы қайта қосылды. Мамандардың айтуынша, қалған шағынаудандардағы электрмен жабдықтау да жақын уақытта толық қалпына келтіріледі.

Қала тұрғындарының өтініштері мен хабарламалары 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қабылдануда.