Атырауда қоқыс сұрыптау кешені іске қосылмақ  

Еліміздің Экология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Мансұр Ошурбаев жыл соңына дейін өңірде қоқыс сұрыптау кешені іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ол аймаққа сапарында аталған кешенге аяқтай барып, жұмыс барысымен танысты. Былтыр Атырау қаласының оң жақ бөлігінде жеке инвестиция есебінен сұрыптау кешенінің құрылысы аяқталған болатын. Жоба қуаты – жылына 150 мың тонна, инвестиция көлемі – 3 млрд теңге.

«Елімізде заңсыз қоқыс алаңдары азаймай отыр. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы – осындай қоқыс сұрыптау кешендерін ашу» деді М.Тұрсынұлы.

Айта кетейік, Атыраудағы қоқыс сұрыптау кешені заманауи құрал-жабдықпен қамтылған. Өз кезегінде кәсіпорын басшылығы облыс әкімдігімен бірлесіп шешетін ішкі мәселелер де бар екенін айтып, жыл соңына дейін шешімін табатындығына сенім білдірді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ