Атырауда көлікжайлар отқа оранды... (+ВИДЕО)

Төтеншеліктердің күшімен өрттің таралуына жол берілмеді және гараждардың бірінің ішінен бір автокөлік қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Төрт қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің жанында бес бірдей гараж отқа оранды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеті нәтижесінде ауданы 180 шаршы метр аумаққа жайылған өрт толығымен ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ