22 наурыз күні сағат 08:15 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Ақтөбе-Астрахань тас жолының 814 шақырым тұсынан шетел автокөлігінің алдыңғы бүйір терезесін қараңғылатып келе жатқанын байқап, тоқтатпақ болады. Алайда, жүргізуші тоқтамай, 815 шақырым тұсына жеткенде тоқтатылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Аталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 5-бөлімі (техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару) және 613-бабы, 1-бөлімі (Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталғар іс-құжаттар Құрманғазы аудандық сотына жолданды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Осы ретте, жол қозғалысына қатысушыларға жол ережесін қатаң сақтап және басқа да құқық бұзушылықтарды жасамау керектігін қатаң ескертеді.