Атырауда көлік қозғалысы шектелмек

Бұл туралы жергілікті әкімдік мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Құрметті Атырау қаласының тұрғындары! «Атырау мұнай-өңдеу зауыты» ЖШС 3 ақпан күнгі сағ.08.00-ден 4 ақпан сағ.17.00-ге дейін З.Қабдолов көшесінен зауыт бағытындағы автомобиль жолын кесіп өтетін №1 кіреберіс темір жолын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды. Іс-шара Атырау қаласының әкімдігімен және әкімшілік полиция басқармасымен келісілген. Аталған учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектелетiнін ескертеміз.Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз!" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ