Атырауда көктайғақтың алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

Атырау қаласында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көктайғақтың алдын алу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Қала аумағындағы қауіпті жол учаскелерінде, атап айтқанда бұрылыстарда, көпірлер мен негізгі магистральдарда арнайы құм-тұз қоспасы мен реагенттер себілді. Бұл шаралар көктайғақ салдарынан болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Жауапты қызмет өкілдерінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жағдайы тұрақты бақылауда. Қажет болған жағдайда қосымша техника мен мамандар тартылатын болады.
Айта кетейік, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, 14 ақпан күні сағат 20:30-дан бастап ауа райының күрт нашарлауына байланысты (минус температурада жаңбыр жаууы) республикалық маңызы бар KAZ-09 (A27) «Ақтөбе–Қандыағаш–Доссор–Атырау–РФ шекарасы (Құрманғазы)» автожолының Атырау – Құрманғазы (621–841 км) аралығы барлық көлік түрлері үшін уақытша жабылды.