Атырауда көктайғақтан ауруханаға түсушілер екі есе көбейді

Бұл туралы біз облыстық аурухананың травматологы Дәурен Кулахметовтен білдік, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

«Қар жауып, жер көктайғаққа айналғалы жарақат алушылар да көбейді. Мәселен, 9 қаңтарда ауруханаға 107 адам түсті. Бұл күндегіден екі есе көп. Бұрын-соңды ондай болмаған. Қазір де олардың қатары толастап жатқан жоқ. Соның ішінде бас жарақатын алушылар көп.

Сондай-ақ, соңғы кезде жол-көлік оқиғасы барысында жарақаттанып  ауруханаға түсетіндер қатары да артып отыр. Қолымыздан келгенше ем-дом көрсетіп жатырмыз. Бұл бір ғана адамның қолынан келетін жұмыс емес. Осы орайда, травматология мен нейрохирургия бөлімдері дәрігерлерінің де еңбегі зор екенін атап өткім келеді» дейді Д.Нажмиддинұлы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ