Атырауда көктайғаққа қарсы жұмыстар басталды

Атырау қаласы аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға арнайы реагент себу жұмыстары басталды. Бұл туралы Atyrau Press сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Берілген ақпаратқа сәйкес, жұмыстарға 5 бірлік КДМ арнайы техникасы жұмылдырылған. Олар қала көшелерінде, көпірлерде және ауылдық округтердің жолдарында тиісті қызметтер атқаруда.
Осыған байланысты жергілікті билік жол қозғалысына қатысушыларды сақтық шараларын қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға және көліктер арасындағы арақашықтықты ұстануға шақырады.

 Қ. Төлепов