Бұл жедел-профилактикалық іс-шара 10 күн бойы жалғасады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыс аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу мақсатында 21 және 31 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
"Мереке күндері атыраулық патрульдік полиция қызметкерлері тәртіпті сақтау, сондай-ақ өрескел жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау бағытында күшейтілген режимде қызмет етеді", - хабарлады баспасөз қызметі.