Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен "Ақ сұңқар" қоғамдық қоры ұйымдастырған «Atyrau Content Creation Training Team» жобасы ақталды, деп хабарлайды AtyrauPress.
- Мақсатымыз заманауи әрі креативті әдістер ұсына алатын жастар арасынан қазақ тілді пікір көшбасшыларын анықтау болатын. Жобаға 184 адам қатысуға ниет білдіріп, оларға ақпараттық контент жасақтаудың дағдыларын меңгеруге мүмкіндік жасалды" - деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова.
4 ай бойы белгілі блогер, «Сағыз» құрамасының жетекшісі Ернар Сакупов жобаға тәлімгер болып, арнайы тренингтер өткізді, кәсіби мамандармен фото, видео, мобилография, копирайтинг, шешендік өнер және камера алдында еркін жұмыс жасау бағыттары бойынша семинар тренингтер ұйымдастырды.
Жобаның жабылу салтанатында үздік деп танылған 7 қатысушы арнайы ынталандыру гранттарымен марапатталды.