23 мамырға қараған түннен бастап Атырау облысындағы су тасқыны жағдайларына байланысты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында «Қауырт желі» қайта іске қосылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы департаменттің Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. Қауырт желінің негізгі мақсаты облыс тұрғындарына ақпарттық және психологиялық көмек көрсету. Аталған уақыттан бастап орталыққа жиырмадан астам қоңырау келіп түсті. Қоңыраулар легі ақпараттық сипатта болды. «Қауырт желі» демалыссыз тәулік бойы 45-41-47, 45-07-00, 45-14-75 нөмірлері бойынша жұмыс жасауда.
Фото: ru.freepik.com