Атырауда қауіпсіздік мақсатында 15 дана «Трафик сканер» ақпараттық бағдарламалық кешені орнатылды

Аталған құрылғының түсіру сәтіне бөгде адамдардың кедергі жасамасы үшін бағанада қосымша 360 градуста көріністі түсіретін бейнекамерасы Жедел басқару орталығына онлайн түрде қосылып, қызметкерлерімен бақыланатын болады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Былтырғы жылдың қорытындысымен облысымызды қиып өтетін республикалық маңызы бар тас жолдарда 62 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 58 адам қаза тауып, 103 адам дене жарақатын алған. Орын алған жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің белгіленген жылдамдықты шектеу режимін сақтамауы себеп болды.

Осыған орай, өңірімізде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларын алдын-алу мақсатында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Атырау-Орал, Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолдарындағы авариялық қауіпті аймақтарға нақты уақыт режимінде жол қозғалысы ережелерінің қарсы бағытқа шығуы, жылдамдық режимін шектен тыс асырған автокөліктерді анықтайтын бағанада орнатылған 15-дана «Трафик сканер» ақпараттық бағдарламалық кешені орнатылды. Аталған құрылғының түсіру сәтіне бөгде адамдардың кедергі жасамасы үшін бағанада қосымша 360 градуста көріністі түсіретін бейнекамерасы Жедел басқару орталығына онлайн түрде қосылып, қызметкерлерімен бақыланатын болады.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қала сыртындағы автожолдарда 8 дана «Оракул Инсайт» жаңа үлгідегі аппараттық техникалық құрылғылары іске қосатын болады. Бұл құрылғыны автопатрульмен қозғалыс кезінде жол бойында үш аяқты қондырғыда орнатылып станционарлық режимде пайдаланады.

Анықталған құқық бұзушылықтар деректері полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз, автоматты түрде базаға түсіп, бейнетаспа дәлелдемесімен бірге электронды хаттама қаулысы жасақталып, 1 апта ішінде көлік иелерінің мекен жайларына жолданады.

Айта кетейік, аталған құрылғылар ақпан айының 29-на дейін сынақтық режимде жұмыс жасап, 1 наурыздан бастап толықтай жүйеге енетін болады.

Осы ретте, жол қозғалысына қатысушыларға жол ережесін қатаң сақтап, тас жолдарда жылдамдық режимін асырмауларыңыз сұралады.