Атырауда қашан және қай үйлерде жарық сөнеді?

«Атырау-Жарық» АҚ Қалалық электр жүйелері 26 қыркүйек күні бірқатар мекенжайда электр жарығы өшірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл күні электр желісінде апаттық жұмыстар жүргізілмек. Сол кезде қауіпті жағдай туғызбас үшін жарық уақытша сөндіріледі.

Сағат 10.00-18.00 аралығында: Химпоселок - Жұбанов, Е.Қабибола, Есполов, Украинская, Шалкиіз жырау, Сырдария, Жайық, Көкшетау, Елек; Ақжар ауылы - пр-д 2,4,5,11, Ақжайық көшесі, Алмалы ауылы, Энергетик ауылдық округі, Ракуша ауылы, Боқашев көшесі, Хасанов көшесі, Сарыарқа ы/а - 37,38,39,40-үйлер, Тайманов - №58, СМП-163 - №3,5,5б,7,9,11, Сәтпаев - №2 б, в, г, 5 а, б, в, г, д, 48 а, б, в, г, д, 50, 50 а, 50 б, 52, 54, 56, 58, 60, Авангард-4 ы/а - №2 а, Сейфуллин - №109, Нұрсая - №34,36,38,40,46, пр.1 №4, пр. 5,
Ғабдиев №47 а, 47 б, 15-көше, 17, Әбілқайыр хан даңғылы, Ақжарам көшесі, №10 ("Сұңқар" ТК), пр-д С.Қожықов - №4 ("Мальтийский дворик" ТК).

Сағат 14.00-18.00: Атырау ы/а Нысанов, Молдағұлов, Сүйесинов, Бурабай, Даутбаев, Зорбаев, №3,17,21,33,34,42,56, Шманов, Хамиди, Байқоңыр, Жанарыс, Төлеков, Рысмағамбетов, Братья Шаудировых, Қашқари, Біләлов, Нысанбаев, пр-д Тракторный, Тайманов.

Сағат 10.00-20.00: Талгайран-2 ауылы.

"Уақытша туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ