«Атырау облысы су арнасы»КМК Алмагүл ықшам ауданындағы №22, №24 үйлердің маңында Д-200 мм су құбырындағы апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Осыған байланысты «Алмагүл-2» сорғы станциясы тоқтатылады. Осыған байланысты 2024 жылғы 10 шілдеде сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін мына мекенжайлар бойынша тұрғын үйлер мен нысандарға суық су беру тоқтатылады:
- Алмагүл №25 мекенжайындағы Атырау қалалық перзентханасы
- Алмагүл №26 мекенжайындағы №34 мектеп-гимназиясы.
- Алмагүл ықшам ауданындағы 16 қабатты №17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 үйлер.
- Алмагүл ықшам ауданы, № 17А, 18А, 21А, 23Б, 24Б, 25А нысандары.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ru.freepik.com