Атырауда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

Атырауда биылғы алғаш қалың қар жауды. Қар дымқыл, ауа температурасы күндіз 0 градус шамасында, деп хабарлайды AtyrauPress. 

Синоптиктердің мәліметінше, 28 желтоқсан күні түстен кейін ауа температурасы –1…–2 градусқа дейін төмендейді.

Осыған байланысты қала аумағында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қала әкімі Шәкір Кейкин әлеуметтік желідегі парақшасында қар тазалау жұмыстарының барысы туралы мәлімдеді.

— Түнгі 23:30-дан бастап қала аумағы мен селолық округтердегі жолдарға 65 тонна реагент себілді. Бұл жұмыстарға 4 КДМ арнайы техникасы жұмылдырылды. 28 желтоқсан күні сағат 09:00-ден бастап жолдарды қардан тазалауға 7 щеткалы трактор мен 4 КДМ техникасы қосылды. Қарды қала аумағынан шығару жұмыстарына 20-ға жуық техника мен 110 жол жұмысшысы тартылды. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар үздіксіз жалғасуда, – деп жазды қала әкімі.

Сонымен қатар қолайсыз ауа райы салдарынан облыс аумағындағы бірқатар тасжолдар уақытша жабылды.

Атап айтқанда, 28 желтоқсан күні сағат 00:00-ден бастап көктайғаққа байланысты Доссор – Құлсары – Майкөмген автожолы, Индер – Қарабау тасжолы барлық көлік түрі үшін жабылды. Қар тазалау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Қарды қала аумағынан шығару жұмыстарына 20-ға жуық техника және 110 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

 

 

 

ріндегі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар үздіксіз жалғасуда.