Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Исатай-Махамбет алаңында бүгін сағат 20:00-23:00 аралығында қала күніне орай гала-концерт өтеді.
"Осыған байланысты кешкі сағат 18:00-ден 23:00-ге дейін Исатай Тайманұлы даңғылының Сәтпаев және Жарбосынов көшесінің аралығы, Б.Құлманов көшесінің Қ.Ерниязов көшесі және И.Тайманұлы даңғылы аралығының жабылатындығын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.