Атырауда қала күнінде көшелерді су басты (+видео)
Ұзақ уақыт жауған жауын салдарынан қала көшелері мен жолдар және тұрғын үйлер су астында қалуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қалада ұзақ көлік кептелістері пайда болды. Тұрғындар үйлерінің шатырынан су кетіп жатқан видеолады желіге жүктеуде.
Мәселеге орай, «АрнаулыАвтоБаза» ЖШС басшысы Алмас Ізтілеуов пікір білдірді.
«Біздің қызметкерлер орталық Сәтпаев, Азаттық, Баймұханов, Амандосов, Датов көшелері мен Сарықамыс, Вокзал маңы мөлтекаудандарында су сору жұмыстарын жүргізуде. Барлығы 16 вакуум көлігі жұмылдырылды. Үйлерін су басқандар «109» нөміріне қоңырау шалып, көмек шақыра алады» деді ол.
Тұрғындар табиғаттың тосын сыйы қала күнін атап өтуге бөгет болмайды деген сенімде. Себебі, кешкі мерекелік концертке Sadraddin, Бейбіт Қорған, Бейбіт Көшқалиев секілді танымал өнер жұлдыздары шақырылған болатын.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ