Атырауда қала күнгі отшашу 6 млн 760 мың теңгеге шыққан
Мұнайлы астананың 383 жылдығы едәуір қымбатқа шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қала әкімдігі бюджеттен 24 млн 628 мың теңге жұмсалғанын мәлім етті. Ал, алғашында 53 млн теңге жоспарланған екен. Алайда жаңбырлы ауа-райына байланысты кейбір аспан асты шаралар өткізілмеген. Жаңбыр салдарынан орталық алаңға құрылған мерекелік сахна бүлініп қалған.
«Қаражаттың көп бөлігі әртістерге жұмсалды. Атап айтқанда, Садраддин, Бейбіт Қорған, Бейбіт Көшқалиев, Ақтоты Болшова, «Меховая 8/1» тобы, Матин, Бейбіт Ерғалиев, Нұршат Қосанова, Мейрамбек Оразбаев және «Заман» тобы 17 млн теңгеге шақырылған» делінген әкімдік хабарламасында.
Ал, бір қызығы, жергілікті әртістер, соның ішінде «ТОП ДЭНС» тобы мүлде тегін өнер көрсеткен.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Видео: "Caspian News"