Атырауда қайғылы оқиғадан тағы бір адам көз жұмды

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін өмірмен сәйкес келмейтін жарақаттан 1964 жылы туған науқас есіне келместен көз жұмғанын жазған едік. Одан кейін тағы бір науқас қайтыс болды. Қалған екі бала мен екі ересектің де жағдайы ауыр.

«2 қаңтар күні сағат 11 шамасында біздің ауруханаға екі жасар және үш айлық екі бала өте ауыр жағдайда тсүкен болатын. Екеуінің де денелерінің 80-90 пайызын күйік шалған. Шұғыл жасанды тыныс алу құрылғысына қосылып, тиісті ем-дом жүргізілді. Қазір жағдайлары бірқалыпты болғанымен, оң өзгеріс байқалмайды. Жағдайлары бұрынғыша ауыр. Балалар өмір үшін күресіп жатыр» дейді облыстық балалар ауруханасы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Ержан Есболаев.

Еске сала кетейік, 2 қаңтарда сағат 11:10-да Call-орталығына Атырау қаласы, Көкарна ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны жөнінде қоңырау түсіп, 140 шаршы метр алаңда өрт тұтанған болатын.