Атырауда қай жолдар жабылады?

8 мамыр сағат 23:00-ден 9 мамыр сағат 14:00-ге дейін Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шараға байланысты Жеңіс саябағына өтетін жолдар уақытша жабылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Атырау қаласының әкімдігі хабарлады.

Уақытша жабылатын учаскелер:

1. Тұрғындар қалашығы көпірінің Жеңіс саябағына өтетін тұсынан бастап

2. Нұрғиса Тілендиев көшесінің көпірден Уағап Тұрымов көшесіне дейінгі аралығы

3. Луговая көшесінің Лев Владиморский көшесінен бастап Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейінгі бөлігі

"Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз" делінген хабарламада.

Амандық АБДОЛ