Атырауда қай күндері су болмайды?

«Атырау облысы Су Арнасы» хабарлағандай, D-315 мм су құбырының авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуіне байланысты Бірлік ауылында орналасқан "Бірлік" сорғы станциясының жұмысы уақытша тоқтатылмақ, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Осыған байланысты, 6 желтоқсанда сағат 14:00-ден 21:00-ге дейін кейбір мекенжайлар бойынша тұрғын үйлер мен нысандарға салқын су беру тоқтатылады: Жұлдыз шағын ауданы - 2, 3; Көктем шағын ауданы; Ақсай ауылы - 1, 2; Томарлы ауылы - 1, 2.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ