Атырауда әйел 15-қабаттан секірмек болды (Видео)
Бұл туралы AtyrauPress облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"31 қазан күні сағат 14:21 шамасында 102 арнасына "Алмагүл" шағынауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары 15-ші қабаттың қылтимасында әйел адамның қауіпті жағдайда отырғаны жөнінде хабарлаған. Жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтау барысында балконның жақтауында әйел адам қолында әйнектің сынығын ұстап, секіруге оқталып отырғанын анықтаған патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген, - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Хабарлама бойынша барған патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Аян Сансызбаев және Ильяс Қобдабаев 28 жастағы әйелмен профилактикалық сұхбат жүргізіп, шұғыл құтқару әрекетін жасаған. Белгілі болғандай, 1995 ж.т азаматша жеке өміріндегі түрлі қиындықтарға байланысты секіргісі келгенін жеткізді.
Қазіргі таңда,азаматша жедел-тергеу тобына тапсырылды.