Атырауда үй жануарларын бірыңғай есепке алу базасы жасалады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қазір таңбалау базасын жасайтын мердігер анықталуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.
- Үй жануарларын чиптеу, белгі тағу және процедураға қатысты шығындарды жануар иесі төлейді. Ал, әлеуметтік осал топтағы азаматтардың шығыны жергілікті бюджеттен қаралады. Жануарлар чиптелген соң құжат беріледі, - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз-хатшысы Ақтілек Нұроллаева.
Егер азаматтар жануарларын чиптеуден жалтарса, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 407-2 бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.
Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ