08 Қыркүйек, 2022 257

Атырауда іздеуде тұрған күдікті психотроптық дәрілерді тасымалдау кезінде ұсталды

 Атырауда іздеуде тұрған күдікті психотроптық дәрілерді  тасымалдау кезінде ұсталды

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бірінші қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында жедел басқару орталығының хабарлауымен  Молдағалиев көшесі  26-үй шамасында Nissan автокөлігі күдікті ретінде тоқтатылды.

Автокөлік салонын тексеру кезінде 52 дана трамадол, 67-тропикамид психотроптық дәрілері анықталды. Дәрігердің рұқсатымен ғана берілуге тиіс бұл дәрілерді заңсыз тасымалдаған 31 жастағы екі тұлғаға қатысты іс қозғалып, тіркеуге алынды.

Бұндай көлемдегі дәрілермен еш қорқынышсыз қаланың әр шетіне қатынап жүрген күдіктілердің негізігі мақсаты белгісіз. Әзірше күдіктілер қамауға алынып, тексеріс шаралары жүргізіліп жатыр.

​Айта кетейік, ұсталған күдіктінің бірі ҚР ҚК-нің 191-бабының бірінші бөлігі бойынша бұрын іздеуде тұрған күдікті екені анықталды.