Атырауда иттің шабуылынан соң әйел өлі нәресте босанды

Атырау қаласында бұралқы иттің шабуылынан зардап шеккен жүкті әйел өлі бала босанды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Облыстық денсаулық басқармасының баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратованың берген мәліметі бойынша, босанған әйел дәрігерлердің бақылауында жатыр.

-Қазір әйел Атырау қалалық перзентханасында ем алып жатыр. Оның жүктілігіне 27 апта болған. Перзентханаға қабылданған кезде оған ұрықтың құрсақішілік өлімі деген диагноз қойылған, - депхабарлады А.Кенжемұратова.

Қазір әйел ақ халаттылардың бақылауында және тиісті емін алып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жүкті әйелді ит қуалап, одан қашпақ болғанда ішін ауыртып алғаны жайлы жазған едік.

 

 ФОТО ашық дереккөзден алынды.