Бұл туралы Атырау қаласының әкімдігі әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Бұралқы иттер мәселесі өзекті болуына байланысты өңірде оларды аулау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Ол үшін қазіргі таңда 4 бригада жұмыс жасауда. Осы ретте, өз аумағыңызда немесе қоғамдық орындарда бұралқы иттерден қауіп төнетін жағдайда 109 нөмірі арқылы өтініш қалдыруларыңызды сұраймыз. Өтінішіңізде иттің жүрген нақты мекен-жайын көрсетіп, телефон нөмерлеріңізді қалдыру сұралады" делінген хабарламада.