Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Исатай ауданы көркемөнерпаздарының мерекелік концерті өтті. Мәдени шара «Қала күні – 2022» мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Мерекелік кешке Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов, Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи және өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ән мен би сазына бөлеген өнерпаздар халықтың жүрегіне жол тауып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Сонымен қатар, концерттік бағдарламадан бөлек исатайлық ұжым көрме ұйымдастырды.
Шара соңында шаһар басшысы Мейірім Қалауи тұрғындар атынан Исатай ауданы өнерпаздарына алғысын білдіріп, жиналғандарды Республика күнімен құттықтады.