Атырауда ірі көлемде есірткі сақтаған өзге облыс тұрғыны ұсталды

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Атырау облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Семей қаласынан келген екі жасты ұстады.

Қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін Семей қаласынан Атырауға келген 18 жастағы қыз бен 20 жастағы жігіт жалға алынған пәтерлердің бірінен тінту кезінде жалпы салмағы 360 грамм синтетикалық есірткі заттары, сондай-ақ көптеген Z-пакет, электронды таразылар және басқа да құрылғылар табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ күдіктілер жалпы салмағы 45 грамм синтетикалық есірткіні сақтаған 6 орынды көрсеткен. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.