Атырау қаласындағы ірі көшелердің бірі – И.Тайманов көшесіндегі жөндеу жұмыстары толық аяқталып, жол пайдалануға берілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жалпы ұзындығы 5,3 шақырым, ені 8-9 метрді құрайтын екі жолақты көшені жөндеуге отыздан астам арнайы техника мен жиырмадан аса жұмысшы тартылған.Жоба құны – 1,5 миллиард теңге. Құрылыс жұмыстарын «КазСервисГрупп» ЖШС мердігер мекемесі атқарды. Жаңа жол қаланың көлік қозғалысын жеңілдетіп, тұрғындар үшін ыңғайлы болмақ.
Ақтілек Базарбаева