Атырауда индустриалды-инновациялық жоба іске қосылады

Атырау облысында жыл соңына дейін индустриалды-инновациялық жоба жүзеге асады, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Атырау облысына жасаған жұмыс сапарында айтты.

Атыраулық кәсіпкер Ресей инвесторымен бірлесіп, өзімізде өндірілетін полипропиленнен жаңа өнім – геосинтетика шығарады.

«Жол төсеу, су құбыры бойындағы жұмыстарды жүргізген кезде қолданылатын геосинтетика Атырауда өндіріледі. KPI-дан шығатын полипропилен шикізат ретінде қолданылады. Бұл – инвесторлық жоба», - деді министр.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА