Атырауда індет жұқтырғандарың саны артып барады

Атырау облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды ATPress.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма басшылығының айтуынша, соңғы тәулікте өңірде 61 адамнан COVID-19 анықталған.

Атырау қаласында - 44,

Жылыой ауданында - 12,

Құрманғазы ауданы - 3,

Индер және Қызылқоға аудандарында 1 адам.

"Коронавирустық инфекциясы бар 52 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 9 адамда ауру белгілері жоқ. Өткен тәулікте облыста коронавирустан емделгендер жоқ. Қазір 490 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 36, аудандық инфекциялық стационарларда - 9 науқас ем алуда" делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы - «жасыл» аймақта.

Сурет - ашық дереккөзден.