Атырауда иесіз мал көше кезіп жүр...

Қазір қалада қараусыз жайылған малдың қарасы көп. Бұл жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әкелуі мүмкін. Бүгінде жергілікті атқарушы орган қала және қыстақ тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қалалық ПБ ЖПҚБ бастығы орынбасарының м.а. Айбол Ідірісовтың айтуынша, бағып отырған малын емін-еркін жіберетін тұрғындар да бар. Жануарлардың иесіз жайылуы қоғамдық орындарды ластап, тұрғындарға қауіп тудырады.

- Былтыр ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408 бабы - ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бұзу бойынша 66 хаттама толтырылса, биыл жеті айдың өзінде саны 64-ке жетті. Малын қараусыз жіберген тұрғындар 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтірсе, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады,- деді А.Ідірісов.

Маманның айтуынша, бұл шаралар мал ұрлығы мен заңсыз өткізу фактілерінің алдын алады.

Нет описания фото.