Атырауда газель мен жүк көлігі соқтығысты (+ВИДЕО)

Атырауда екі көліктің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

14 қараша күні сағат 11:30 шамасында Атырау-Доссор тасжолы тұсында маркасы Газель автокөлігінің 1995 жылы туған жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай жол жиегінде тұрған Daf автокөлігіне соқтығысып, жол апаты орын алған. Салдарынан Газель жүргізушісі түрлі дене жарақатын алып, облыстық аурухананың жарақат бекетіне қаралды. Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ