Атырауда газ өшеді

Облыс орталығында  7-маусым күні таңнан кешке дейін көгілдір отын болмайды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Атап айтқанда, Гайдар көшесі, Құрсай, Водник, Перетаска, Мирный ауылы аумақтарында газ беру тоқтатылады.

«7-маусымда сағат 09.00-18.00 аралығында қысқы жылыту маусымына дайындық негізінде "АтырауОблгаз" мекемесінің аумағында орналасқан ГСГО (ГРП)  құбырларға жөндеу, ауыстыру жұмыстары жүргізілуіне байланысты төмендегі мекенжайларда газ беру уақытша тоқтатылады», - делінген Бірыңғай баланыс орталығының хабарламасында.