Жылыой ауданында «Жылыойгаз» ЖШС-нің ақпараттары бойынша жария тыңдаулар өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды «Жылыойгаз» ЖШС-нің Жылыой ауданы және Прорва өндірістік аймағының тұтынушылары үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу қызметі бойынша алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының өсетіні туралы ақпараттарын талқылау бойынша жария тыңдауларға шақырады.
Ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидасына сәйкес ұсынылды.
Жария тыңдаулар 2023 жылдың 21 тамызында сағат 15.00-де Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 54, мекенжайында орналасқан «Жылыойгаз» әкімшілік кеңсесінде, сонымен қатар Департаменттің ресми парақшасында Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимде өтеді (https://www.facebook.com/profile.php?id=100049879130065).
Жария тыңдауға онлайн қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша қосылуға болады. Әрбір қатысушы онлайн режимде өз сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алады. Қосымша сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7122) 21-10-39
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ