Атырауда футбол ардагерлерін еске алуға арналған облыстық турнир өтті

Ардагерлер арасында ұйымдастырылған іс-шара аймақта алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

Дода футбол ардагерлері Ануарбек Кәкішев, Андрей Кан, Қоныс Ағелеуов, Ибрайым Құрманбаев, Нариман Есенамановты еске алуға арналды. Жарысқа 45 жастан жоғары футбол ардагерлерінен құралған 6 команда қатысты. Олар «Болат- Алламан», «Махамбет-Жайық»,  «Алламан-Санжар», «Жайық-Доссор», «Санжар- Болат», «Махамбет- Доссор» болып сайысқа түсті. 

Ардагерлер Амантай Кенжеғұлов, Жандарбек Кәкішов, Сәрсенбай Нұржанов, Мұрат Ибрашев, Марат Қартқожа, Әлібек Амиров, Сейітжан Каримов, Қайрат Идрисов іс-шараға арнайы қатысты.

Нәтижесінде жүлделі бірінші орынды «Санжар» командасы иеленсе, 
екінші орынға «Доссор», үшінші орынға «Махамбет» командасы қол жеткізді. 

Қатысушылар алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, Жандарбек Кәкішев, Амантай Кенжеғұлов, Сәрсенбай Нұржанов бүгінде 70 жасқа толып отыр. Сондай-ақ қазіргі уақытта «Атырау» футбол командасы деп аталатын, кезіндегі «Прикаспиец» командасының құрамында Амантай Кенжеғұлов, Жандарбек Кәкішев, Әлібек Амиров ойын көрсеткен.