Мақат ауданында 100 жылдық мерейтойына арналған концертке ҚР эстрада жұлдыздары мен аудан өнерпаздары қатысты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Мерекелік шарада аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудан жұртшылығын торқалы тойымен құттықтады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.
- Құрметті аудан тұрғындары және қонақтары сіздерді мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын! Ауданымыз тарихы тереңге жайлып, экономикалық дамуы ілгері жүруіне, жеткен жетістігіне әрқайсыңыздың қосқан үлестеріңіз зор. Ауданымыздың өткені өнеге, бүгіні мен болашағы жарқын болсын,- деді А.Мәмбетов.
Концерт ауданның құрылу тарихын қамтитын тетрландырылған қойылыммен басталды. Оған Махамбет атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының актерлар құрамы және өңірлік өнерпаздар мен бишілер тобы қатысты. Олар мұнай өндірудің алғашқы кезеңінде бір көрініске сыйдырған.
Аудан халқының басын қосқан мерекелік концертте эстрада жұлдыздары Ұлықпан Жолдасов, Өмірқұл Айниязов, Бейбіт Қорған және Kalifarniya өнер көрсетті. Кеш мерекелік от шашумен аяқталды.