Атырауда еске алудан басқа бұқаралық шараларға тыйым салынды

Бүгін Атырау облысының санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес, Атырау облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында облыс аумағында «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, отбасылық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т. б.), естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, ашық ауада, үй-жайлардың ішінде бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;

1) концерттік залдардың, театрлардың, цирктердің, филармониялардың қызметі;

 2) діни бірлестіктердің объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) ұжымдық іс-шаралар (жұма намазы, діни жоралар және т.б.) өткізу;

3) селекторлық режимде және бейнеконференция байланысы арқылы өткізуге рұқсат ала отырып, оффлайн режимінде конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізу;

4) түнгі клубтардың қызметі;

5) тамақтандыру объектілерінде бар кассаларына қызмет көрсету, ән мен би қызметтерін көрсете отырып, караоке қызметі (қоғамдық тамақтану қызметтерін қоспағанда);

 6) жеке кездесулер өткізу (ерекшелік – вакцинацияланған 10 адамға дейін).

 4.3. Қоғамдық тамақтандыру нысандарындағы бір үстелге келушілер санын 4 адамға (әр түрлі үй шаруашылығынан) дейін қысқартыңыз» делінген құжатта.