26 Қаңтар, 2023 151

Атырауда есірткіні жарнамалаған 30 граффити жойылды

  Атырауда есірткіні жарнамалаған 30 граффити жойылды

Атырау қаласы аумағында есірткі құралдарын жарнамалау жүзеге асырылатын сайттарға сілтемелері бар тыйым салынған жазуларды бояу бойынша бірлескен рейдтік іс-шара жүргізілді, рдеп хабарлайды AtyrauPress облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне с

 


Бірлескен іс-шара барысында, бояу түрлерімен Алиев пен Орталық көпір бойындағы есірткі туралы заңсыз жарнамасы бар 30 граффити жойылған.
"Қазақстанда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді насихаттағаны және заңсыз жарнамалағаны үшін Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Сондықтан полицейлер есірткі заттарының граффити - жарнамасына куә болған адамдардан "102" операторының пультіне немесе 98-21-55 (Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы), 27-03-92 (Облыс әкімдігінің білім басқармасы) Сенім телефондары арқылы дереу хабарлауды сұрайды" дейді мамандар.

Айта кетейік, іс шара  Атырау облысы ішкі саясат басқармасының “Атырау қаласының жастар ресурстық ортылығы” КММ мен Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды.