Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында, қала аумағындағы тұрғын үйдің бірінен синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде жасырып тығу әдісі (закладка) арқылы таратумен айналысады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұдан бөлек, тергеу барысында күдіктіден ақ түсті ұнтақ заты бар 3 дана пакет, түрлі-түсті орама зергерлік электронды таразылар, ұнтақ заты бар 2 дана ыдыс, ақ түсті ұнтақ заты бар зип-пакеттер, сондай-ақ бос 50 дана зип-пакеттер және күдіктіге тиесілі жабыстырғыш пен «Telegran» мессенджеріне «закладка» туралы жазылған хаттары бар ұялы телефон тәркіленіп, қылмыстық іс тіркелді. Сараптама қорытындысымен алынған заттардың салмағы 173,9 гр кұрайды.
"Қазір бұл дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазакстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмыска кінәлі емес деп есептеледі", - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА