«Trauma»: есірткі зардабы туралы өмірде болған оқиға желісімен қысқаметражды фильм түсірілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Нашақорлық тақырыбы бүтін бір қоғамды алаңдатып, ұлт саулығына қауіп төндіріп отырған өткір әрі өзекті мәселе.
"Осы орайда жастар арасында ақпараттандыру, есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін жауапкершілікті түсіндіру мақсатында «дәріханалық» нашақорлықтың проблемалары туралы қысқаметражды фильм түсірілді", - дейді баспасөз қыметі.
Болған оқиға желісімен жұртшылықтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру бағытында дайындалған туынды Атырау облысы полиция департаментінің тапсырысы бойынша әзірленген.