Олар «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қолға түсті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлері қала аумағында синтетикалық есірткі сақтаған деген күдікпен ШҚО облысы мен Жамбыл облысының тұрғындарынан 200-ге жуық дозаны құрайтын есірткі тәркіледі.
Тарқатып айтар болсақ, синтетикалық есірткіні сақтаған деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 1981 ж.т. тұрғынын анықталды. Сараптама қорытындысы тәркіленген есірткі затының салмағы 64,2 грамм «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісі екенін дәлелдеді.
Аталған дерек бойынша ҚК-тің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Сонымен қатар, Атырау қаласының «Нұрсая» ықшамауданында синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде жасырын тығу әдісі арқылы сатумен айналысып жүрген 1987 ж.т. Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттың салмағы 70,09 грамм «Альфа-PVP» және 128,31 грамм «Мефедрон» синтетикалық есірткі екені анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.
Жүргізілген тергеу әрекеттері барысында күдіктілердің қаланың ықшамаудандарында тұтынушыларға арнап жасырып қойған бірнеше синтетикалық есірткі заттары тәркіленді», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Бұдан өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА