Атырауда есірткі сатқан азамат 10 жылға сотталды

Атыраулық 43 жастағы азамат есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметне сілтеме жасап. 
 
Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері былтыр маусым айында Атырау қаласы аумағында интернет желісі және жасырын тығу әдісі арқылы синтетикалық есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сатумен айналысып жүрген облыс тұрғынын анықтаған еді. Тексеру жұмыстары кезде күдіктіден құны 3,5 млн теңгеге жуық болатын 200 доза «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісі тәркіленген.
 
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, 43 жастағы күдіктінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі толық дәлелденді.
 
Тергеу кезінде күдіктінің Telegram-каналы арқылы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу, сатып алу және сақтаумен айналысатын жұмыс іздеп тапқаны анықталды.
 
Сондай-ақ, тергеу барысында күдіктінің синтетикалық есірткіні пайдаланғаны толық дәлелденді.
 
Қазіргі таңда оған қатысты Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.
 
Мира Нұртаева 
Фото.freepik.com