Атырауда есірткі сақтаумен айналысқан күдікті ұсталды

Атырау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп тиым салынған синтетикалық есірткіні сақтаумен айналысып жүрген күдіктіні ұстады.
- Белгілі болғандай, 46 жастағы азамат өзінің жалдамалы пәтерінде есірткі заттарын сақтаумен айналысқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, 907,12 грамм марихуана және 51,12 грамм гашиш есірткі заттары табылып, тәркіленді, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев. Қазіргі уақытта құрамында есірткі бар өсімдіктерді сақтау деректері бойынша 1976 ж.т. күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды" делінген хабарламада.